Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ақмола облысының Тексеру комиссиясының мүшесі Мұрат Рахимжанов және аудан активі қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025 жылға арналған аудандық бюджет пен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті қарау болды. Уәкілетті тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар 2025 жылғы бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, сессия барысында ауданның даму жоспарын бекіту, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу, аудандық бюджетке түзетулер енгізу және аудандық ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарын жаңарту мәселелері қаралды.