Бүгін облыс әкімінің орынбасары Е.С. Жаркешов жұмыс сапарымен «Щучинский гормолзавод» ЖШС-нің бордақылау алаңына барып, кәсіпорынның қызметімен және етті мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда алаңда ангус, герефорд және қазақтың ақбас сиыры тұқымдарын қоса алғанда, 7 мыңнан астам ет бағытындағы ірі қара мал ұсталады. Кәсіпорында 70-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Щучинский гормолзавод» ЖШС — KazBeef компаниясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға өз үлесін қосып келеді.