Зеренді аудандық мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мереке барысында сала үздіктері алғыс хаттармен марапатталып, аудан өнерпаздары көрермендерге жарқын концерттік бағдарлама ұсынды. Аудан әкімі іс-шара қатысушыларына мәдениет пен өнер саласының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен шабыт тіледі.