
Зеренді ауылында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
Іс-шара барысында Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне және интернационалист жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Кейін мерекелік шеру Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған Даңқ обелискіне бағыт алып, онда да гүл қою рәсімі өтті.
Майдангерлер рухына тағзым жасалып, бір минут үнсіздік жарияланды.