Зеренді ауылының орталық алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Зеренді ауылының орталық алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Зеренді ауылының орталық алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ермек Дәукенов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.

Бағдарламаның ерекше бөлігі ретінде аудан мектептері оқушылары арасында саптық байқау мен ән айту сайысы ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен патриоттық рухтарын көрсетті.

Іс-шара соңында Отан қорғаған батырларға тағзым ретінде ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір және амандық тілейміз!