
Зеренді аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Өнер – халық қазынасы» облыстық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті.
Сахнада халықтық ансамбльдер, би топтары мен жас дарындар дәстүрлі және эстрадалық жанрларда өнерін паш етті.
Сондай-ақ «Киелі өнердің өшпес ізі» көрмесінде 200-ге жуық қолөнер туындылары ұсынылды.
Кеш соңында қатысушыларға алғыс айтылып, шығармашылық табыс тілінді.