
Құрметті Зеренді тұрғындары мен қонақтары!
Көктемнің келуімен Зеренді көлі мен басқа да су айдындарындағы мұз өте қауіпті бола бастайды. Күннің жылынуына байланысты мұз тез жұқарып, беріктігін жоғалтады.
Көктемгі мұзға шығуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ мұз үстінде балық аулауға да тыйым салынады.
Бұл кезеңде мұзға шығу өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.
Әсіресе балаларға назар аударыңыздар. Ата-аналардан су айдындарының көктемде ойын орны емес екенін түсіндіріп, қауіпсіздік шаралары туралы әңгіме жүргізуді сұраймыз.
Зеренді ауылдық округі әкімдігі қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өздеріңіз бен жақындарыңызды қорғауға шақырады.