Зерендіде XXXVIII шаңғы марафоны өтті

Зерендіде XXXVIII шаңғы марафоны өтті

Зерендіде XXXVIII шаңғы марафоны өтті

Зеренді ауылындағы шаңғы базасының аумағында дәстүрлі XXXVIII Зеренді шаңғы марафоны өтті.
Жарысқа Сандықтау, Аршалы және Бурабай аудандарынан, сондай-ақ Көкшетау, Астана, Степногорск және Петропавл қалаларынан 250-ден астам спортшы қатысты. Қатысушылар әртүрлі жас санаттары бойынша өз қашықтықтарында бақ сынады.
Зеренді шаңғы марафоны ауданның қысқы спорттық өміріндегі маңызды дәстүрлі шаралардың бірі болып табылады және бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.