
Зеренді ауданының спортшылары ҚР чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
24 ақпан мен 3 наурыз аралығында Щучинск қаласында шаңғы жарысынан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Зеренді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Ақмола облысының құрамында жоғары нәтиже көрсетті.
Михалетьева Людмила:
🥈 2 орын – классикалық жарыс
🥉 3 орын – спринт
🥉 3 орын – масс-старт
Кіші қыздар арасындағы эстафетада
Михалетьева Людмила, Краплина Арина, Светличная Мария, Жакупова Аделина
🏆 Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.
Колесниченко Сергей – эстафетада
🏆 Қазақстан чемпионы.
Каиргелді Рассул – эстафетада
🥈 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.
🏅 Жалпы есепте зеренділік спортшылар 9 медаль жеңіп алды:
🥇 5 алтын
🥈 2 күміс
🥉 2 қола.
Зеренді БЖСМ шаңғы жарысы бөлімшесінің спортшылары мен жаттықтырушылар құрамын табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!