
Әкімдіктің отырысы өтті
Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының, дербес бөлімдердің, аумақтық ведомстволардың басшылары, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Отырыста мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс пен «Цифрлық отбасы картасы» жобасының іске асырылуы, сондай-ақ Зеренді ауданының аумағын 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындау және тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Әрбір мәселе бойынша баяндамалар тыңдалып, ұсыныстар талқыланды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті әкімдік қаулылары қабылданып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, ағымдағы өзекті мәселелер де қаралды.