
Ақмола облысында 31 отбасы қоныстойын тойлады. Әлеуметтік осал санатқа жататын тұрғындарға жаңа жалдамалы пәтерлердің кілттері берілді.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев Зеренді және Сандықтау аудандарынан шыққан толық емес отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 пәтердің кілтін табыстады. Ал Бурабай ауданында тағы 11 отбасына пәтер кілттерін облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова тапсырды.
Жаңа үйлер тұрғын үйдің сапасы мен жайлылығына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып салынған. Пәтерлер кең әрі жарық, үлкен терезелері мен тұрғын аймақтардың ыңғайлы жоспарлануымен ерекшеленеді.
Щучинск қаласында қоныстанушылар «Атамекен груп» тұрғын үй кешенінен таза әрлеумен берілген пәтерлерге ие болды, ал Бурабай кентінде әлеуметтік нысандарға жаяу қолжетімді жерде орналасқан «Табиғат» тұрғын үй кешенінен пәтерлер тапсырылды. Зеренді ауылындағы жаңа үй елді мекеннің қақ ортасында салынған.
Айта кетейік, Сандықтау ауданының Балкашино ауылында 16 пәтерлі тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолд