
Зеренді аудандық әкімдікте Билер кеңесінің отырысы өтті
Отырысқа аудан әкімі, Ақмола облысының Билер кеңесінің төрағасы, «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округтердің билері мен әкімдері, сондай-ақ бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында 2025 жылғы атқарылған жұмыстың қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар айқындалды.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі мен облыстық Билер кеңесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат билер институтын дамытуға, медиация тетіктерін жетілдіруге, қоғамдық келісімді нығайтуға және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.