
Зеренді ауданында 26 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды
Зеренді ауданында жаңа пәтерлердің кілтін табыстау салтанатты түрде өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс той иелерін құттықтап, халықты қолжетімді әріжайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
2026 жыл жағымды жаңалықтармен басталды: Зеренді ауылындағы жаңа бес қабатты тұрғын үйден мұқтаж азаматтарды, көпбалалы аналарды және жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 62 пәтерсатып алынды. Тұрғын үйлер «Отбасы банк» АҚ арқылы үлестірілуде.
«Жуырда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы еліміздің орнықты дамуына бағытталған ауқымдыөзгерістер мен конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтті. Бұлбастамалардың барлығы халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің басты міндетіміз – әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жайлы әрілайықты өмір сүру жағдайын жасау. Бүгін осында тағы бір қуанышты сәт орын алуда. Қоныс иелері өз пәтерлерінің кілтін алады – бұл отбасылық бақыттың нышаны», – деді Марат Ахметжанов.
Жаңа тұрғын үйден Зеренді ауылының 26 тұрғыны жайлы пәтерге қол жеткізді. Көптегенқоныс иелері бұл қуанышты сәтті бірнеше жылбойы күткен.
«Мен тұрғын үй кезегінде 2017 жылдан бері “толық емес отбасы” санаты бойынша тұрдым. Бірнеше жыл бойы кезегім жылжымады. Алайда Жаңа жыл қарсаңында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен хабарласып, жақын арада пәтер кілтін алатынымды айтты. Бүгін сол күн келді, өте қуаныштымын. Енді өмірімізде бәрі жақсы болатынына сенімдімін», – деп бөлісті қоныс иесі Индира Абжанова.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында мыңнан астам мұқтаж азамат баспаналы болды. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 800-ден астам адам сатып алу тетіктері арқылы тұрғын үйге қолжеткізді.