ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ю.В. Кучинскаяның Зеренді ауданына жұмыс сапары өтті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ю.В. Кучинскаяның Зеренді ауданына жұмыс сапары өтті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ю.В. Кучинскаяның Зеренді ауданына жұмыс сапары өтті

Сапар аясында депутат Шағалалы ауылындағы жалпы білім беретін мектептің жай-күйімен және қызметімен танысты. Аталған білім ордасында 360-тан астам оқушы білім алуда. Сонымен қатар аудан үшін кадр даярлауда маңызды рөл атқаратын, 11 бағыт бойынша мамандар дайындайтын Жоғары агротехникалық колледжге барды.
Кездесулер барысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқу жағдайларын жақсарту және аграрлық секторға қажетті кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаумен аяқталды.