2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Зеренда Сервис» ШЖҚ МКК жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау қызметтері үшін төлемдерді қабылдаудың қолма-қол ақшасыз тәртібін енгізді.
Төлемдер мынадай тәсілдермен қабылданады:
•Halyk Bank және Қазпочта кассаларында қолма-қол ақшамен;
•Halyk Bank мобильді қосымшасы арқылы қолма-қол ақшасыз, оның ішінде QR-код арқылы.
Кәсіпорын кассасында немесе бақылаушылар арқылы қолма-қол ақшамен төлем қабылданбайды.
Қызмет тұтынушыларынан коммуналдық қызметтерге ақы төлеу кезінде аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!