Бүгін Зеренді ауданының әкімдігінде аудан әкімі Ә. Құрманғожиннің төрағалығымен кезекті отырыс өтті

Бүгін Зеренді ауданының әкімдігінде аудан әкімі Ә. Құрманғожиннің төрағалығымен кезекті отырыс өтті

Бүгін Зеренді ауданының әкімдігінде аудан әкімі Ә. Құрманғожиннің төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Отырыс басында Айдабол ауылының әкімі Николай Водовозовқа ауылдың дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет Басшысының атынан Алғыс хат табысталды.
Отырыстың жұмысына облыстық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппаратының басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлімдер мен басқармалар, аумақтық ведомстволардың жетекшілері, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібі аясында үш мәселе қаралды: аудандағы қоғамдық-саяси жағдай, бюджеттің кіріс бөлігідің орындалуы және 2026 жылға арналған жоспарлар, сондай-ақ ағымдағы мәселелер. Әр бағыт бойынша баяндамашылар ақпарат ұсынып, талқылау өтті және тиісті тапсырмалар берілді.