Зерендіде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Белсенді қартаю орталықтарының спорт фестивалі өтті

2025 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған әсем Зерендіде белсенді қартаю орталықтары арасында спорт фестивалі ұйымдастырылды. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген аға буын өкілдері жиналып, салауатты өмір салты мен спорттық жетістіктерге жас кедергі болмайтынын көрсетті.
Фестиваль Қазақстанның жеті облысынан келген 100-ге жуық өкілдің кездесуі мен жарыс алаңына айналды. Спорт әуесқойлары Көкшетау, Астана, Шымкент қалаларынан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарынан келді.
Қатысушылар асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисінен бақ сынады.