
Өткен демалыс күндері Зерендеде ерлер арасында (ауылдық округтер) волейболдан аудан Кубогының финалдық ойындары өтті.
Жарысқа аумақтық қағида бойынша құрылған бес аймақтың жеңімпаздары қатысып, өзара үздікті анықтады.
Аймақтар бойынша бөлу:
I аймақ: Зеренді, Бәйтерек, Викторовка ауылдық округтері, Айдабол ауылы.
II аймақ: Чаглин, Садовый, Приречный, Троицк ауылдық округтері.
III аймақ: Қызылегіз, Қанай би атындағы, Исаков, М. Ғабдуллин атындағы ауылдық округтері.
IV аймақ: Симферополь, Булак, Қызылсая, С. Сейфуллин атындағы, Сарыөзек ауылдық округтері.
V аймақ: Алексеевка кенті, Күсеп, Ақколь, Ортақ ауылдық округтері.
Финалдық ойындардың қорытындысы келесідей:
1️⃣ 1 орын — Ортағаш ауылы, Қызылегіз ауылдық округі
2️⃣ 2 орын — Зеренді ауылдық округі
3️⃣ 3 орын — Акадыр ауылы, Чаглин ауылдық округі