
Зеренді ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі бірінше рет мемлекеттік қызметке қабылданған ауылдық округтердің мамандары А.Н. Сулейменовамен және А.Ж. Жанатаевамен профилактикалық әңгіме жүргізді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының алдын алу бойынша түсіндірмелер берілді.