
Зеренді ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті. Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, құқық қорғау органдарының, дербес бөлімдердің, аумақтық ведомстволардың басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыс барысында автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп-ұстау және коммуналдық меншік нысандарындағы жылыту маусымының өту барысы, сондай-ақ мәдениет саласының жағдайы мен дамуы, тарихи-мәдени мұраны сақтау және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша әрбір мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданып, нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар ағымдағы мәселелер де қаралды.