
Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин «Agro Milk Prodgec» ЖШС жүзеге асырып жатқан Еленовка ауылындағы сүт-тауарлы ферма құрылысының барысымен танысты.
Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 90 пайызды құрайды. Жобаның құны — 1,3 млрд теңге. Фермада 400 бас ірі қара мал ұсталатын болады, тәулігіне 8 000 литрге дейін сүт өндіру жоспарлануда. Сонымен қатар 25–30 жаңа жұмыс орны ашылады.