2025 жылдың 25 қарашасында Зеренді ауданының елді мекендерінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

2025 жылдың 25 қарашасында Зеренді ауданының елді мекендерінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

Құрметті азаматтар!

🗓 2025 жылдың 25 қарашасында Зеренді ауданының елді мекендерінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.

Кеңес беру кестесі:
📍 Қанай би ауылы — 10:00, ауыл клубы
📍 М. Ғабдуллин ауылы — 12:00, ауыл клубы
📍 Қызылегіс ауылы — 15:00, ауыл клубы

Акция аясында тұрғындар төмендегілерден тегін заңгерлік кеңес ала алады:
🔹 прокуратура қызметкерлері;
🔹 құқық қорғау органдарының басшылары;
🔹 жергілікті атқарушы және салық органдарының өкілдері.

Білікті заңгерлік көмек алуға барлық тұрғындарды шақырамыз!