
Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қуандықұлы Дәукеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті
2025 жылғы 17 қарашада Зеренді ауданы әкімдігінің акт залында аудан әкімінің орынбасары Ермек Қуандықұлы Дәукеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа ауыл және ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік органдардың басшылары және аудан әкімінің аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысы барысында келесі мәселелер қаралды:
🔹 «Архитектура, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар.
🔹 Комиссия жұмысының жылдық қорытындылары және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Баяндамашылар күн тәртібі бойынша ақпарат ұсынып, қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.