Зеренді ауданының әкімі Асет Асылбекұлы Қурманғожиннің төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2025 жылдың 17 қарашасы аудан әкімінің төрағалығымен Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау саласының өкілдері және жауапты бөлім мамандары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

🔹 Бостандықтан айрылған адамдарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қолдау, бейімдеу және қайта әлеуметтендіру жұмыстары. Қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары.

🔹 Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, мас күйінде жасалатын қылмыстарды болдырмау, алкогольдік тәуелділігі бар азаматтарды мәжбүрлі емге жіберу, ауданда алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыс.

🔹 Зеренді ауылдық округінің Қоғамдық кеңесін құру мәселесі.

🔹 2026 жылға арналған комиссияның жұмыс жоспарының жобасын қарау.

Отырыста мемлекеттік органдар басшылары өз бағыттары бойынша баяндама жасап, ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.