Марат Ахметжанов су тасқынынан зардап шеккен зеренділіктерге жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады

Марат Ахметжанов су тасқынынан зардап шеккен зеренділіктерге жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады

🔹Зеренді ауылында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен сегіз отбасы жаңа қоныстарын атап өтуде. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов оларға заманауи бес қабатты үйдегі жайлы пәтерлердің кілттерін табыстады.
Биыл көктемде жауын-шашынның көп түсуі мен Зеренді көліндегі судың деңгейінің көтерілуі салдарынан жағалау маңындағы тұрғын үйлерді су басқан еді. Маусым айында ауданда төтенше жағдай режимі жарияланып, 17 үй апатты деп танылды.
Үш отбасына тұрғын үй жергілікті бюджет есебінен сатып алынуда, бір тұрғынға қайталама нарықтан пәтер берілді, ал сегіз отбасы Ильясов көшесі, 55 мекенжайындағы жаңа үйден баспана алды. Бес отбасы жеке себептермен көшуге бас тартқан.
Өңір басшысы жаңа қоныстанушыларға кілттерін табыстап, әр отбасыны жеке құттықтады.