
🔹Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Зеренді ауданы тұрғындарымен кездесуі ашық әрі мазмұнды өтті – әңгіме егін жинау науқаны мен цифрлық технологияларды енгізуден бастап, туризм мен әлеуметтік саланы дамытуға дейін өрбіді. Өңір басшысы ауданның әлеуеті жоғары екенін және оның тұрақты дамуы облыстың жалпы жетістігіне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.
Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып қала береді. Биыл майлы дақылдар егілетін алқап 87 мың гектарға дейін ұлғайтылды.
Жоғары нәтижелерге «Дихан Плюс», «Викторовское ГЦК», «КазГрэйн Фидерс» және «Тулебаев» кәсіпорындары қол жеткізді. «Дихан Плюс» шаруашылығы ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізу бойынша пилоттық алаңға айналды. Мұнда дрондар, егіс алқаптарының цифрлық карталары және өнімділікті талдаудың автоматтандырылған жүйелері қолданылуда.