Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы, әкімнің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдарының, аумақтық ведомстволардың өкілдері және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне үш мәселе енгізілді:
1. Зеренді ауданының 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджетінің орындалу қорытындылары.
2. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысының тиімділігі мен нәтижелері.
3. Ағымдағы мәселелерді қарау.
Бірінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қамиева Айнагүл Катекқызы сөз сөйлеп, ауданның даму көрсеткіштері мен бюджеттің орындалуы туралы ақпарат ұсынды.
Екінші мәселе бойынша қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Садырбаев Ернар Серқазыұлы баяндама жасап, құқық бұзушылық деңгейін төмендету шаралары туралы айтты.
Отырыс соңында ағымдағы ұйымдастыру және жұмыс мәселелері қаралды.