Қарағай станциясында су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Қарағай станциясында су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Қарағай станциясында су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Зеренді ауданы Булақ ауылдық округінің Қарағай станциясында Кенесары хан көшесіндегі су құбырының ағымдағы жөндеу жобасы аяқталды.
Тапсырыс беруші — «Булақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Жөндеу жұмыстарын «TemkenAgroTrans» ЖШС 11 млн. теңге сомаға орындады. Қаржыландыру аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылды.
Жөндеу барысында ұзындығы 1060 метр жаңа су құбыры тартылып, 5 су таратушы құдық жөнделді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 14 жеке тұрғын үйді орталық су жүйесіне қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта 3 үй өз күштерімен қосылып үлгерді.
«Қарағай станциясының тұрғындары қуанышты — енді су тұрақты беріліп тұр, қысымы жақсы, құдықтан су тасу қажеттілігі жойылды», — деді Булақ ауылдық округінің әкімі Тайлақ Жұмағалиев.