
Аудан әкімі есеп беру кездесуін Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындарымен өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Одан кейін округ әкімі өткен кезеңде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, округтің проблемалық мәселелері талқыланды.
Кездесудің соңында ауылдық округ тұрғындары — Н.М. Шрамко мен Б.Е. Олжагуловқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін «Зеренді ауданына 90 жыл» медальдары табысталды.