Садовое ауылында таза ауызсу жүйесі іске қосылды

Садовое ауылында таза ауызсу жүйесі іске қосылды

Садовое ауылында таза ауызсу жүйесі іске қосылды

Бүгін Зеренді ауданының Садовое ауылында тұрғындар үшін маңызды нысан – жаңа су құбыры желісі пайдалануға берілді. Ауылда қазіргі уақытта шамамен 700 адам тұрады.
Айта кету керек, Садовое ауылында 1996 жылдан бері орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған — яғни, тұрғындар шамамен 30 жыл бойы таза ауыз судың орталық жүйесіне қосылмай өмір сүріп келді.
Іс-шараға Ақмола облысының прокуроры Руфат Бауыржанұлы Құттұқов, Зеренді ауданының әкімі Әсет Асылбекұлы Құрманғожин, ауыл тұрғындары мен қонақтар қатысты.
Жоба Мемлекет басшысының елді мекендерді 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында және заңсыз иелікке алынған активтерді мемлекетке қайтарудан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылды.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі мен облыс прокуроры ауыл тұрғындарын маңызды инфрақұрылымдық жобаға қосылғанымен құттықтап, оның ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Ауыл ақсақалы Оразалы Есенғұлұлы Исин тұрғындар атынан алғысын білдіріп, жаңа ауызсу жүйесінің халық игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар ауыл тұрғыны Валентина Далакованың үйіне барып, жаңа су жүйесінен келіп тұрған судың сапасымен танысты. Бұдан кейін олар «Milk Project» ЖШС-нің сүт зауытына барды.