Аудан әкімінің төрағалығымен ағымдағы мәселелер бойынша кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
1️⃣ Аудан әкімінің жедел және аппараттық кеңестердің, халықпен кездесулер мен жұмыс сапарлары барысында берген тапсырмаларының орындалуы туралы.
2️⃣ Елді мекендерді абаттандыру және санитариялық тазалау айлығын өткізу барысы туралы.
3️⃣ Мемлекеттік органдар қызметінің ағымдағы мәселелері.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету және олардың орындалуына бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.