Аудан әкімі есеп беру кездесуін Алексеевка кентінің тұрғындарымен өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Одан кейін кент әкімі өткен кезеңде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, кенттің проблемалық мәселелері талқыланды.
Кездесудің соңында кент тұрғыны В.М. Чекушоваға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Зеренді ауданына 90 жыл» медалі табысталды.