Аудан әкімі есеп беру кездесуін Күсеп ауылдық округі тұрғындарымен өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Одан кейін округ әкімі өткен кезеңде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, округтің проблемалық мәселелері талқыланды.
Кездесудің соңында округ тұрғындары — У.Б. Бажиров пен Б.Б. Жасугунге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін «Зеренді ауданына 90 жыл» медальдары табысталды.
Сонымен қатар, аудан әкімі Өркен ауылында күрделі жөндеуден кейін мектепті және орнатылған көпфункционалды ойын алаңын аралады.