Зеренді ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Зеренді ауылында аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған экологиялық іс-шара өткізілді.
Акцияға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айтбаев Досұлан Ерланұлы мен Зеренді ауданының әкімі Құрманғожин Әсет Асылбекұлы бастаған 100-ден астам адам қатысты.
Іс-шара барысында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, шамамен 50 түп ағаш көшеті отырғызылды, сондай-ақ 1 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды.
Облыс әкімінің орынбасары мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, олардың азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал ететінін жеткізді.
Жалпы, осы апта ішінде Зеренді ауданы бойынша акцияға 500-ге жуық адам қатысып, 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл аудан елді мекендерін көгалдандыру мен абаттандыруға айтарлықтай үлес болып табылады.