
⚜️Зеренді ауданының 90 жылдығына арналған “Зерлі мекен - Зерендім”аймақтық айтысының ашылу салтанаты өтті.
🔰Шара шымылдығын Зеренді ауданының әкімі Әсет Асылбекұлы Құрманғожин ашып, айтыскерлерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар,Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова сөз сөйледі.
✅Аймақтық айтыстың жүргізушісі ақын, Қазақстанайтыс ақындары менжыршы-термешілердің халықаралық одағының Ақмола облысы бойынша төрағасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Құдайберлі Мырзабек Рахымбекұлы.
✅”Зерлі мекен - Зерендім” аймақтық айтыстың қазылар алқасы: Ермек Бекенұлы Нұғманов - Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, қазылар алқасының төрағасы; Алмас Қажыбайұлы Темірбай - ақын, жазушы, журналист, өлкетанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Арман Тілектесұлы Бердалин - айтыскер, ақын,жазушы, саясаттанушы; Оралбек Қожабекұлы Бекішов – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы; Күләш Сәбікенқызы Рақымжанова - ақын, ҚР мәдениет майталманы, Зеренді ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері. 🔰Еліміздің түпкір – түпкірінен жиналған, Зеренді еліндегі айтулы додада: Аманжол Зағыпар - СолтүстікҚазақстан облысы,
Тоба Өтепбаев - Арқалық қаласы, Данияр Алдаберген - Астана қаласы, НұрқанатҚайрат - Павлодар облысы, Еркеғали Бекболат - Қарағанды облысы, Сарқытбек Нұрдыбек - Ақмола облысы, Нұрислам Әбділ - Ақмола облысы, Сәттібек Серікболатұлы- Ақмола облысы, Берденбек Мырзат - Ақмолаоблысы және Екпін Сәбетхан - Ақмола облысы, ақындар өнерлерін тілге тиек етіп, күйге салады.
⚜️Аймақтық айтысты бірінші болып, Тоба Өтепбаев - Арқалық қаласы және Нұрислам Әбділ - Ақмола облысының ақындары бастады.