Бүгін кезекті аппараттық кеңес өтті

Бүгін кезекті аппараттық кеңес өтті

Бүгін кезекті аппараттық кеңес өтті

Аппараттық кеңес басталар алдында аудан әкімі кадрлық өзгерістермен таныстырды.
Әкімнің өкіміне сәйкес, Зеренді ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Ермек Қуандықұлы Дәукенов тағайындалды.
Ермек Қуандықұлы 1992 жылы Ақмола облысы, Ақкөл қаласында дүниеге келген, экономика және бизнес магистрі, сондай-ақ «Құқық» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2014 жылы «Тұлпар – Тальго» ЖШС-де слесарь болып бастаған.
2014–2015 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақкөл филиалының, «Атамекен» ҰКП Ақмола облысы бойынша маманы;
2016–2017 жылдары – Ақкөл ауданы әкімі аппаратының кадрлық басқару қызметінде іс жүргізуші, бас маман;
2017–2019 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маман-инспекторы, бас инспекторы;
2019–2021 жылдары – Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы;
2021–2025 жылдары – Ақкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы.
Сонымен қатар, Ермек Қуандықұлы Қазақстан Республикасының гир спортынан спорт шебері, әлем және Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан Республикасының жеті дүркін чемпионы болып табылады.

Таныстыру рәсімінен кейін қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшті:
- ағымдағы жылы су құбырларының құрылысының жүзеге асырылуы туралы;
- 2026 жылы іске асырылатын жобалар туралы;
- ағымдағы мәселелер.