Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! 2025 жылғы 28 тамызда Зеренді ауданында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамымен «Көкшетау»МҰТП аумағында орман және таулы жерлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілетін болады. Облыс тұрғындары мен қонақтарынан сабырлы болуды, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауды және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауды сұраймыз.