Бүгін Зерендi аудан әкiмiне «Мейірім – Зерендi» қоғамдық қорының алғашқы өнімдері таныстырылды.
«Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және курорттық аймақтың жарнамасын жүзеге асыру» жобасына қатысып, оны сәтті қорғаған қор «Ауылдық ҮЕҰ-ды қолдау бағдарламасы» аясында грант иегерлерінің бірі атанды.
Ақмола облысы бойынша барлығы 7 ұйым грантқа ие болды, соның ішінде — «Мейірім – Зерендi» қоры да бар. Оның жетекшісі – Альмагамбетова Г.Д.
Бөлінген қаражатқа ұйым көпфункционалды термотрансферлік пресс сатып алып, өнім шығаруды жолға қойды.
Ынтымақтастық пен тапсырыстар бойынша хабарласу: @fond_meyirim_zerenda
@almagambetova573