18 тамыз Ортак ауылында аудан әкімі ауыл тұрғындарымен су құбырының ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша кездесу өткізді. Кездесуге 30-дан астам ауыл тұрғыны қатысты.
Жұмыстардың тапсырыс берушісі – Ортак ауылдық округі әкімдігі. ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, мердігер ұйыммен келісімшарт жасалып, ағымдағы жылдың 4 шілдесінде қазынашылық органдарында тіркелген. Жобаның іске асырылу мерзімі – 45 күнтізбелік күн. Алайда, жұмыстардың басталуы бекітілген жұмыс сызбасының болмауына байланысты кешіктірілген.
Мердігер ұйым бірнеше рет сызбаны келісуге өтініш хат жолдағанымен, тапсырыс беруші тарапынан ол бекітілмеген. Талқылау барысында ауыл тұрғындары округ әкіміне сызбаны бекітіп, жөндеу жұмыстарын құрылыс маусымында аяқтауды сұрады.
Ортак ауылдық округінің әкімі М. Гайсин мердігер ұйым бірқатар міндеттемелерін орындамағанын, 4 шілдеден бері жұмыстарды бастамағанын атап өтіп, округ әкімі келісімшартты бұзуға дайын екенін жеткізді.
Тұрғындардың пікірлерін тыңдаған аудан әкімі жұмыс сызбасын келісіп, мердігер ұйымға ағымдағы жылдың 19 тамызынан бастап жөндеу жұмыстарына кірісуді тапсырды. Сонымен қатар, мердігерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде орындау міндеті жүктелді.