18 тамыз аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
- аудан әкімі берген тапсырмалардың орындалуы;
- ауылдық округтердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары.
Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы А. Хайдар баяндама жасап, тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар елді мекендерді абаттандыру іс-шаралары, санитарлық жағдай мен қоғамдық аумақтарды күтіп-ұстау мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар беріп, белгіленген міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті.