
Зеренді ауданының әкімі алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексеру мақсатында Зеренді ауылындағы жылыту нысандарын аралады. Сапар барысында ол қазандықтардың техникалық жағдайымен және қысқы кезеңде жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралармен танысты.
Аудан әкімі жылыту нысандарын уақтылы әрі сапалы дайындау – қыста халықтың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруін қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін атап өтті. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді жедел жоюды және барлық дайындық шараларын белгіленген мерзімде орындауды тапсырды.