Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жоспарлы оқыту семинары өткізілді.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жоспарлы оқыту семинары өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары А. Ахмедьяновтың төрағалығымен ауылдық округтердің мамандарының қатысуымен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жоспарлы оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында санақ жүргізу тәртібі, онлайн форматтың ерекшеліктері, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында халыққа және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кеңестік көмек көрсету механизмдері түсіндірілді.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйі туралы өзекті ақпарат жинауға бағытталған, бұл оның одан әрі дамуына байланысты тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.