"Шағалалы ауылына кіреберіс" автожолының объектісін тексеру

"Шағалалы ауылына кіреберіс" автожолының объектісін тексеру

Бұған дейін «Шағалалы ауылына кіреберіс автожолын жөндеу кезінде міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты Зеренді ауданының ТҮКШ, ТИ, ЖК және АЖ бөлімі «Астана-Алькор» ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берген болатын.

Сот шешімі бойынша құрылыс-техникалық сараптама тағайындалды.

Осыған байланысты 2025ж.07.18 сот сарапшысы аудан әкімінің орынбасары С.Т. Исаханов, ТҮКШ бөлімінің өкілдері, сондай-ақ Шағалы ауылдық округінің әкімі құрамындағы комиссиямен бірлесіп объектіге және орындалған жұмыстарға тексеру жүргізді.

Сараптама нәтижелері сотқа жіберіледі.