Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Булат Алмуханович Исаков жұмыс тобының мүшелерімен бірге Зеренді ауданының бірқатар туристік нысандарын аралады.
Сапар барысында негізгі назар қауіпсіздікке, инфрақұрылым жағдайына, қызмет көрсету сапасына, экологиялық тұрақтылыққа, әртүрлі санаттағы азаматтар үшін нысандардың қолжетімділігіне, сондай-ақ нормативтік талаптардың сақталуына аударылды.