Троицк ауылдық округі әкімінің сайлауы

Троицк ауылдық округі әкімінің сайлауы

Қошқарбай және Кеңөткел ауылдары Троицк ауылдық округінің құрамына кіреді. Таңертең ертемен осы елді мекендердің тұрғындары дауыс беру құқығын пайдалану үшін сайлау учаскелеріне асығып барады. Кампанияның осы кезеңінде мұнда жоғары белсенділік байқалады. Қошқарбайда сағат 10-ға қарай сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берген, Кеңөткел ауылында да жағдай шамамен осындай. Екі УСК төрағалары Айгүл Жылқыбаева мен Сәкен Баймурзиннің айтуынша, кампания штаттық режимде, достық атмосферада өтіп жатыр. Алғашқылардың қатарында 569-учаскеде Ардақ Жумабаев, 570-учаскеде Фарида Молдабаева дауыс берді. "Аманат" партиясының бақылаушысы Айағыз Темірғалиева, 569-учаскеде дауыс беру процедурасында бұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.