
2025 жылдың 9 шілдесінде Азаматтарды қабылдау орталығында Зеренді ауданы әкімінің жеке қабылдауы өтті.
Қабылдау барысында жолдар, тұрғын үй, абаттандыру, жылу жүйесіне қосылу және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштері қаралды.
Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті бөлім басшыларына өтініштерді шешу бойынша тапсырмалар берілді.