
2025 жылдың 7 шілдесінде жұмыс сапары аясында Зеренді ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ауыл" партиясының төрағасы Серік Егізбаев келіп, "Парус"балалар сауықтыру лагерінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жазғы демалысты ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігін және лагерьдегі жағдайдың сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мекеме басшылығы инфрақұрылымды жаңарту және одан әрі дамыту жоспарларын жариялады.
Мекеме басшылығы осындай шалғайдағы балалар мекемелерін тұрақты интернетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін арнайы бейнебақылау жүйелерін орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.