Зеренді ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жарияланды

Зеренді ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жарияланды

Құрметті Зеренді ауданының тұрғындары!
Зеренді ауданының әкімдігі 2025 жылғы 23 маусымда Зеренді ауданы әкімінің төрағалығымен Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс жедел отырысы өтті.

Комиссия отырысында Зеренді көлінің жағалау аймағының су басқан учаскесінде орналасқан Мусин көшесінің жағалау аймағының жағдайына байланысты мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ келесі мәселелер талқыланды:

Зеренді ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдайды жариялау;

М.Ғабдуллин атындағы гимназия мектебінің аумағынан Тәуелсіздік көшесіне дейінгі жағалау аймағының бойында қорғаныс бөгетінің құрылысын жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;

 Мусин көшесі бойындағы жағалау аймағындағы лай шөгінділері
мен өсімдіктерді механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу;

су қоймасын шөпқоректі балық түрлерімен қамтамасыз ету.

Зеренді ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, Зеренді ауданының әкімі Ә. Құрманғожин 2025 жылғы 25 маусымда Зеренді ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.