Зеренді ауданының әкімі Әсет Асылбекұлы басқа лауазымға ауысуына байланысты аудан әкімінің БАҚ мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметін қоса алғанда, соңғы екі жылда жергілікті атқарушы органдар жүйесінде жұмыс істеген ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төленге алғысын білдірді.
Осы уақыт ішінде Төлен Ж.жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытты, аудан қызметін тиімді ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті, мәдени саланы белсенді дамытып, мемлекеттік тілді насихаттады.Оның күш-жігерінің арқасында рухани құндылықтарды нығайтуға және жастарды тәрбиелеуге бағытталған көптеген маңызды іс-шаралар сәтті өткізілді.