Зеренді ауданының АСК сайланған әкімге куәлік тапсырды

Зеренді ауданының АСК сайланған әкімге куәлік тапсырды

2025 жылғы 17 маусымда Зеренді ауданының мәдениет
үйінің ғимаратында аудан активінің жиналысы өтті.
Жиналыста Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Балтағарин А.Қ., Зеренді ауданының әкімі болып сайланған Құрманғожин Әсет Асылбекұлына куәлік тапсырды.

Тікелей сайлау нәтижесінде Зеренді ауданының әкімі болып сайланған Әсет Асылбекұлы Құрманғожин 2025 жылдың
17 маусымынан бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кіріседі.

Әсет Құрманғожин 1988 жылы 3 маусымда Зеренді ауылында дүниеге келген.

Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында, статистика, қазынашылық органдарында, Зеренді ауданы әкімінің аппаратында
17 жылдан астам қызмет атқарды.

2022 жылы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Сайлауға дейін, 2024 жылдан бастап Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. «AMANAT» партиясымен ұсынылды.